1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ПО КАКИМ ВОПРОСАМ КАЗАХСТАНЦЫ ОБРАЩАЛИСЬ В ФСМС В 2025 ГОДУ
2025 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кері байланыс арналары арқылы медициналық қызметтерді алу бойынша 701 115 өтінім келіп түсті. Олардың қатарында пациенттердің алғыстары, шағымдары мен ұсыныстары бар. Қорда мәлімдегендей, өтініштердің басым бөлігі кеңес беру сипатында болды. Азаматтарды МӘМС жарналарын төлеу тәртібі, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жолдамалар мен еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын рәсімдеу, сондай-ақ медициналық көмекті көрсету шарттары, жеңілдік санаттары мен тізімдердегі өзгерістерге қатысты түсіндірулер қызықтырған.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Қор жүйесіне барлығы 23 022 шағым түскен. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 179 шағымға немесе 15,3%-ға аз.

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда қайтарып алынған шағымдардың үлесі 46,2%-дан 50,2%-ға дейін өсті. Атап айтқанда, 23 022 шағымның 11 578-і (50,2%) пациенттерді қолдау қызметтері мен медициналық ұйымдардың ішкі сараптама бөлімдері арқылы «осы жерде және дәл қазір» қағидаты бойынша қайтарып алынған немесе шешімін тапқан.

Қазақстандықтар келесі сұрақтар бойынша ең көп өтінім берген:
1) медициналық көмекті сапасыз көрсету – 8 678 (37,7%);
2) медициналық көмек көрсетуден бас тарту – 8 520 (37%);
3) ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды беруден бас тарту – 3 210 (13,9%).

Осылайша, өтініштердің негізгі бөлігі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына, сондай-ақ пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге байланысты.

«МӘМС жүйесі іске қосылғалы Қорда кері байланыстың бірнеше арнасы жұмыс істейді: msqory.kz ресми сайты, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және 1414 байланыс орталығы. Азаматтардан түскен барлық өтінімдер міндетті түрде қаралады және толық шешілгенге дейін бақылауда болады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Рамазанова.

Сондай-ақ Қорда азаматтардың өтініштерін талдау денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді анықтауға, сондай-ақ МӘМС пен ТМККК аясында медициналық көмектің ашықтығын, қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін халықтың кері байланысын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
13.01.2026
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу